Оралда 1982 жылғы азаматшаны өлтірген күдіктілер ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 467.98
  • 533.87
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
8 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оралда 1982 жылғы азаматшаны өлтірген күдіктілер ұсталды

Оралда 1982 жылғы азаматшаны өлтірген күдіктілер ұсталды

Бұдан бұрын ҚазАқпарат хабарлағанындай, 25 қаңтар күні Орал қаласындағы орманнан жас әйелдің мүрдесі табылған болатын.

  • 4 Ақпан 2014
  • 341
Фото - Caravan.kz

Орал қалалық ішкі істер басқармасының бастығы Манарбек Ғабдуллиннің айтуынша, 1982 жылғы азаматша Оралда пәтер жалдап, жұмыс істеген. Ата-анасы ауылда тұрған. Сот-медициналық сараптама көрсеткеніндей, оны ұрып-соғып зорлаған. Көп ұзамай қос күдікті ұсталды. Оның біреуі — Орал қаласының, екіншісі Тасқала ауданының тұрғыны. Екеуі де бұрын сотталған, еш жерде жұмыс жасамайды. Олар аталған азаматшаны қалада зорлап,  кейіннен тоғайға апарып, тағы қиянат жасаған. Сосын қарға көміп кеткен.

Қос күдіктінің үстінен ҚР ҚК 103-бабы 3-бөлімі (жәбірленушінің өліміне соқтырған ауыр дене жарақатын қасақана салу) және 120-бабы 2-бөлімі (топ болып зорлау) бойынша қылмыстық іс қозғалды.