Қазақстан мен Қытай шекарасында контрабандалық валюта - 60 мың доллар тәркіленді - kaz.caravan.kz
  • $ 467.98
  • 533.87
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
8 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан мен Қытай шекарасында контрабандалық валюта - 60 мың доллар тәркіленді

Қазақстан мен Қытай шекарасында контрабандалық валюта - 60 мың доллар тәркіленді

«Майқапшағай» кедендік бекетінде кеден қызметкерлері декларациядан өтпеген 60 мың АҚШ доллары көлеміндегі қаржыны шекарадан өткізу әрекетін тоқтатты.

  • 4 Ақпан 2014
  • 329
Фото - Caravan.kz


 Түрлі номиналдағы контрабандалық валюта ҚХР-дан ҚР келе жатқан Қазақстанның «М» азаматынан табылды.  

Аталған факті бойынша бастапқы материалдар жиналып, ақшаны тексеру сараптамасы белгіленді. Бұл жұмыс аяқталғаннан кейін қылмыстық іс қозғау мәселесі қаралады.

Кеден департаментінде атап өткендей, өткен жылы тауарларды, көлік құралдарын, өткізуге тыйым салынған заттарды шекарадан контрабандалық жолмен өткізу бойынша  19 қылмыстық іс қозғалған. Осылайша мемлекетке келтірілген шығын 23,8 млн. теңгеге жеткен.  2,6  млн. теңге көлемінде айыппұл салынды. 

Ағымдағы жылдың қаңтар айында мемлекет қазынасына 802 мың теңге түсті.