Облыстық прокуратураның хабарлауынша, 31-қаңтар күні 18 жастағы ана туған баласын сатпақ болған.
Аймақтық ІІД баспасөз мәлімдемесіне сүйенсек, бойжеткен ақшаға жыныстық қызмет көрсететін әйелдер тізімінде тіркеуде тұр.
Босана салысымен нәрестесін 200 мың теңгеге сатқан көкек ананың бұл екінші баласы көрінеді.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, сәби қалалық перинаталдық орталыққа орналастырылды.