Ресей қазақстандық жүк тасымалдаушыларға халықаралық тарифтерді қолдануда - kaz.caravan.kz
  • $ 467.98
  • 533.87
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
8 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ресей қазақстандық жүк тасымалдаушыларға халықаралық тарифтерді қолдануда

Ресей қазақстандық жүк тасымалдаушыларға халықаралық тарифтерді қолдануда

2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап Ресей тарапы қазақстандық жүк тасымалдаушыларға қатысты халықаралық тарифтерді қолдануда.

  • 4 Ақпан 2014
  • 388
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін Еуразия экономикалық комиссиясының отырысында Қазақстанның тау-кен өндіру және тау-кен металлургия компаниялары қауымдастығының атқарушы директоры, Қазақстан тауар өндірушілері мен экспортерлері одағы ұйымының президенті Николай Радостовец мәлім етті.

«Бүгінде біздің тасымалдаушылар үшін халықаралық транзиттік тариф қолданылуда. Біз бұның алдында Ресей арқылы 10.01 прейскуранты арқылы төлеп өтіп жүрдік, бұл арзанырақ. Ресей бұл шараларды біржақты қабылдап, оны Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше болуымен түсіндірді. Ал Қазақстан ДСҰ-ға мүше емес. Осының кесірінен 1 қаңтардан бастап біздің көптеген келісімшарттар құрдымға кетті, субъектілер өз тұтынушыларын жоғалтты. Оның үстіне айыппұл төлеулері шарт. Жүк тасымалдау барысында Ресей біздің отандық субъектілерге қатысты халықаралық транзиттік тариф қолданып жүрген мысалдар көп», — деді Н.Радостовец.

Оның айтуынша, Кедендік одақ аясында бірыңғай тариф саясаты келісілген болатын. Алайда Ресей тарапы оны Қазақстанмен келісудің орнына біржақты шешіп отыр.