Павлодарда Сирия аумағында террористік қызметпен айналысқан төрт күдіктіге қатысты сот процесі басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 467.98
  • 533.87
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
8 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарда Сирия аумағында террористік қызметпен айналысқан төрт күдіктіге қатысты сот процесі басталды

Павлодарда Сирия аумағында террористік қызметпен айналысқан төрт күдіктіге қатысты сот процесі басталды

Павлодар қаласының №2 сотында Сирия аумағыгда террористік қызметпен айналысты деп айыпталған төрт азаматқа қатысты сот процесі басталды.

  • 4 Ақпан 2014
  • 298
Фото - Caravan.kz

Сот баспасөз қызметінің хабарлауынша, Екібастұз қаласында тұратын күдіктілер түрік-сирия шекарасын заңсыз кесіп өтіп, жауынгерлер даярлайтын орталыққа барған.

«Олар соғысқа интернеттегі бейне роликтерді көргеннен кейін аттанған көрінеді. Тіпті, балалары мен әйелдерін де сол жаққа көшіріп әкетпек болыпты», — делінген хабарламада.

Күдіктілердің екеуіне терроризмді насихаттады және террорлық топ құрып, оған жетекшілік етті деген айып тағылды. Екеуі террористерді қаржыландырды деп айыпталып отыр.

Судья процесті бейнекамераларға түсіруге тыйым салуды сұраған сотталушылардың өтінішін қанағаттандырды. Ал, прокурордың құпия мәліметтер айтылатын сот отырысын жабық жағдайда өткізу туралы өтінішхаты қанағаттандырылған жоқ.