«Бізде «Роскосмос» басшылығымен әңгіме болды, олар бұл хатты алып, қарастыруда, сондықтан олардың әрекетін күтіп отырмыз, оларға үнемі ескертудеміз. Мәселе оңай емес, біз талабымыздан таймаймыз», — деп Н.Қаппаров бүгін президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен қысқаша баспасөз мәслихатында атап көрсетті.
Ол өз ведомствосы бұл мәселені мұқият бақылауда ұстап отырғанын айтады. «Біз 13,6 миллиард теңге өндіру туралы талап қойдық» — дейді министр.