«Азаматтық және әкімшілік іс бойынша апелляциялық алқа сотының шешімімен Үсеновтың жазасы 45 тәулік тұтқынға алу және екі жылға жүргізуші куәлігінен айыруға өзгертілді. Үсенов қабылдау бөлу орнына жабылды», — деп азаматтық және әкімшілік іс бойынша апелляциялық алқа сотының судьясы Қанат Молдашев Алматы қалалық сотында өткен қысқаша баспасөз мәслихатында мәлімдеді.
2013 жылы 1 желтоқсанда М.Үсенов жүргізуші куәлігінсіз BMW Х6 көлігін жүргізіп келе жатқанда тротуарда тұрған жаяу жүргіншілерді қаққан. Олардың бірі қайтыс болып, екі жаяу жүргінші орташа ауырлықта, үшеуі жеңіл жарақат алды.
Тараптардың ымыраласуына байланысты қылмыстық іс тоқтатылған. Ауданаралық мамандандырылған әкімшілік сотының қаулысымен 24 қаңтарда М.Үсенов заң бұзғаны үшін кінәлі деп танылды.
Кейіннен Алматы прокуратурасы ауданаралық әкімшілік соттың қаулысына қарсылық танытты. Прокуратура сот тағайындаған жаза М.Үсеновтың жол апатына дейінгі және жол апатынан кейінгі әрекетіне сай келмейді деп таныды. Қадағалау органы заң бұзушыны екі жылға көлік жүргізуге тыйым салумен 45 тәулікке қамауды талап етті.