Құрылыс сапасына көңілі толмаған жұрт наразылық білдірді - kaz.caravan.kz
  • $ 467.98
  • 533.87
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
8 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Құрылыс сапасына көңілі толмаған жұрт наразылық білдірді

Құрылыс сапасына көңілі толмаған жұрт наразылық білдірді

Мамыр ықшамауданына жетіп мамыражай күн кешеміз деген 375 салымшы сең соққан балықтай әлі сенделіп жүр. 16 қабатты үйге ақшасы жетпей, қазынадан тағы 2 млрд теңге алған мердігер компания құрылысты тек биыл түбегейлі тындырды. Бірақ жүрдім-бардым жасалған жұмысты көрген салымшылар өлдім-талдымның күйін кешкен. Өйткені жылдап жинаған салымдарының ақысына алатын пәтерлерінің сырты бүтін іші түтін.

Игорь Владимиров, салымшы:

-Пәтер ішін көк басқаны бірден байқалмайды. Ол үшін қатырма қағаздармен қапталған құбырлардың бетін ашу қажет. Нақты дәлелдеріміз бар міне. Бетін жылтыратып, ішін тазаламаған.

Бірақ ішінен шіріген су жаңа құрылыстың сын көтермес сапасыздығы Алматы қалалық құрылыс басқармасы бастаған мемлекеттік комиссияның бұл үйлерді қуана қабылдап алуына кедергі болмапты. Көрмей көздерін шел басты ма, жоқ әлде жұтқыншақта?

  • 5 Ақпан 2014
  • 190
Фото - Caravan.kz

Игорь Владимиров, салымшы:

-Пәтер ішін көк басқаны бірден байқалмайды. Ол үшін қатырма қағаздармен қапталған құбырлардың бетін ашу қажет. Нақты дәлелдеріміз бар міне. Бетін жылтыратып, ішін тазаламаған.

Бірақ ішінен шіріген су жаңа құрылыстың сын көтермес сапасыздығы Алматы қалалық құрылыс басқармасы бастаған мемлекеттік комиссияның бұл үйлерді қуана қабылдап алуына кедергі болмапты. Көрмей көздерін шел басты ма, жоқ әлде жұтқыншақтары жұрттың зарына бет бұрғызбады ма беймәлім деп іреп салды ашынған ел.

Управлению строительства и всем кто дает обещания, что этого безобразия там нет и все устранено. Пожалуйста.

Қалалық құрылыс басқармасы мен мемлекеттік қабылдау комиссияның құрамында болғандар бүгін бұғып қалды. Қашанғыдай жуас түйе жүндеуге жақсы, жұртты алдаймыз деп қақпанға түскен мердігер компания күйіп пісіп жүр.


Динара Адисова, “АГС Пласт” ЖШС бөлім бастығы
:

-Үйді көк басқаны туралы СЭС бізге арнайы хат жолдады. Дереу жөндеу жасадық. СЭС мамандары желтоқсан айының соңында мемлекеттік қабылдау комиссиясы аталмыш үйлерді қабылдап алған сәтте болды. Ешқандай ақау табылмады ол кезде.

-Сапасы сын көтермейтін құрылысты қабылдап алған шенеуніктердің мұртын балта шаппасы анық. Әрине, қабылдайтындар қабылдап кетеді, бірақ “Қолжетімді баспана” бағдарламасы арқылы берілетін бұл үйлердің сапасы аспаннан киіз жауса да кедейге ұлтарақ бұйырмайдының керін келтірді. Отбасының аузынан жырып бастарына жалғыз баспана алуға бар қаржысын берген жұрт енді істі сотқа жеткізбек.