Нұрлан Қаппаров, ҚР Қоршаған орта және су ресурстары министрі:
-Енді олар бірден ертең төлейді деген ойымыз болған жоқ. Әрине, олар уақыт алады, сөйлеседі, айтады, төлей ала ма, төлей алмай ма? Бірақ оларға қайта қайта звондап, айтып жатырмыз.
Бірақ арада жарты жыл өтсе де, «Роскосмос»14 млд-ты төлейтін сыңай танытып отырған жоқ. Төлемеу себебін түсіндіріп айтпайды. Құзырлы органдар болса үмітін үзбей отыр. Ал ертең Байқоңырдан тағы улы гептилмен қозғалатын зымыран ұшырылмақшы. Бұған қарсылық ретінде «Антигептил» қозғалысы наразылық танытпақ.