Өзбектер газ беруді азайтты - kaz.caravan.kz
  • $ 467.98
  • 533.87
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
8 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өзбектер газ беруді азайтты

Өзбектер газ беруді азайтты

Өзбекстан Оңтүстік Қазақстанға беріп келген газдың көлемін күрт азайтты. Ала шапанды ағайындар мұны техникалық ақауларға байланысты туындаған қиындықтар деп түсіндіріп отыр.

  • 5 Ақпан 2014
  • 181
Фото - Caravan.kz


Аймақты газбен қамту үшін сағатына 430 мың текше метр газ берілуі тиіс. Алайда, екі күннен бері оның ауқымы үш есеге түскен. Осының салдарынан Шымкенттегі бірнеше ауданда көгілдір отынның көлемі күрт азайды. Аймақтағы отынның осы түріне байланысты туындаған мәселені тұрақтандыру үшін қазір Бейнеу газ құбырынан берілетін көгілдір отын көбейтіліп жатыр. Шенділер болса қорқудың қажеті жоқ деп сендіруде.  Аптаның соңына дейін өзбектер техникалық ақауларды қалпына келтірмек екен.