—Мама куда ушла?
-Она сказала,сейчас я в магазин схожу,два хлеба куплю и приду,и не было ее.
— Потом? Ты ждала? Или за мамой вышла?
— я маму ждала, ждала, ждала… И не было ее.
Наташаның анасы сол кеткеннен мол кеткен. Тәртіп сақшылары бүлдіршінді қала іргесіндегі Шөлдала ауылындағы балабақша маңынан тауып алыпты. Үскірік аязда жеңіл киіммен көше кезіп жүрген қызды, олар бірден уақытша бейімдеу орталығына жеткізген. Қазір дәрігерлердің қарауынан өткен қыздың, денсаулығы қалыпты. Наташаның айтуынша, шешесінің есімі Люба екен. Әкесі де, бауырлары да жоқ болып шықты. Психикалық ауытқуы жоқ, тұрмысы төмен шаңырақтан шыққан бүлдіршіннің анасы үш айдың ішінде табылмаса, балалар үйіне өткізелетін болады.