Көкшетауда жаңа туған сәбиін саудалаған жезөкше құрықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 467.98
  • 533.87
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
8 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Көкшетауда жаңа туған сәбиін саудалаған жезөкше құрықталды

Көкшетауда жаңа туған сәбиін саудалаған жезөкше құрықталды

Бауыр еті баласын 200 мың теңгеге бағалады! Көкшетауда 18 жастағы қыз жаңа туған сәбиін сатпақ болған.

  • 5 Ақпан 2014
  • 307
Фото - Caravan.kz

Қалталы клиентті ол аяғы ауыр кезден бастап іздеп, алдын-ала ғаламторға хабарландыру да беріпті. Ерекше жарнама бірден тәртіп сақшыларының көзіне түскен. Сәбиін саудаға салған тасбауыр анаға клиенттері алдымен 100 мың теңгесін қолмақол, қалғанын құжатты рәсімдеген соң бермек болады. Тәртіп сақшыларының қақпанына сол қалған ақшаны алуға келгенде түсті. 16 жасынан жезөкшелікпен айналысып келген қыз 2 жылдан бері полиция тіркеуінде тұр екен. Енді адам саудасы үшін жауапқа тартылады. Ал шақалақ ауруханаға жатқызылды. 


Қанат Нұрмағанбетов, Ақмола облыстық ІІД басқарма бастығы:

-Біздегі ақпаратқа қарағанда, бұл оның тұңғыш баласы емес. Екінші баласының қайда екені қазір тексеріліп жатыр. Өзі еш жерде жұмыс істемейді, 18-ге жақында ғана  толған.