Атырауда алиментшілерге прокурорлар жұмыла жұмыс іздеуде - kaz.caravan.kz
  • $ 467.98
  • 533.87
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
8 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атырауда алиментшілерге прокурорлар жұмыла жұмыс іздеуде

Атырауда алиментшілерге прокурорлар жұмыла жұмыс іздеуде

Атырау прокурорлары өздерінің негізгі міндеттеріне қоса алимент төлеуге қауқарсыз азаматтарға жұмыс іздеу жүгін мойындарына алып отыр.

  • 5 Ақпан 2014
  • 262
Фото - Caravan.kz


Облыстық прокуратураның баспасөз қызметінен хабарлағандай, алимент төлемей қарызға белшесінен батқан 1008 жұмыссыздың 265-сі осылайша екі қолға бір күрек тапқан. Кейбіреулері кәсіби білім алуға жолдама алды. Бір бөлігі қайта даярлау курстарына қатысуға жіберілсе, енді біреулері әлеуметтік жұмыспен қамтылды.
Жалпы 2013 жылы прокурорлар алимент төлемеген борышкерлерден 15 млн. теңгені өндірген.