Тергеу органдарының мәліметінше, Шао Цзунци әйелінің қатарынан екі көршісімен көзіне шөп салып жүргенін біліп қалады. Ашуға булыққан ер адам әйелінің көңілдестерін отбасыларымен қоса атып тастаған.
Нәтижесінде 6 адам ажал құшып, тағы үшеуі түрлі дәрежедегі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.
Күдікті бұл қылмысын толығымен мойндады. Ал бұған қызғаныш себеп болды деп түсіндірді. Қылмыстық іс бойынша тергеу амалдары жалғасуда.