ҚР Елшісі Иорданияның бұрынғы Премьер-Министрі А.Хассаунамен кездесті - kaz.caravan.kz
  • $ 471.04
  • 538.54
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
8 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР Елшісі Иорданияның бұрынғы Премьер-Министрі А.Хассаунамен кездесті

ҚР Елшісі Иорданияның бұрынғы Премьер-Министрі А.Хассаунамен кездесті

Иорданиядағы Қазақстан Елшісі Болат Сәрсенбаев көрнекті мемлекет қайраткері, Иорданияның бұрынғы Премьер-Министрі  А.Хассаунамен жүздесті.

  • 5 Ақпан 2014
  • 471
Фото - Caravan.kz

Б.Сәрсенбаев иордандық саясаткерді «Қазақстан жолы — 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауының басым бағыттарымен таныстырды.  Сонымен қатар «Қазақстан-2050» стратегиясы, «Астана ЭКСПО-2017» Халықаралық көрмесі, Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан халықаралық жобалар, соның ішінде «АТОМ» жобасы және қос елдің түрлі салалардағы ынтымақтастық мүмкіндіктері талқыланды.

 А.Хасауна Қазақстан Президентінің жаңа Жолдауына жоғары баға беріп, Президент Н.Назарбаевтың салиқалы саясатының арқасында Қазақстан зор әлеуметтік-экономикалық жетістіктерге жеткенін атап өтті.