Бұл туралы бүгін Астанада ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігінің өткен жылдағы қорытындысы мен биылғы мақсаттарына арналған кеңейтілген алқа мәжілісінде осы ведомствоның басшысы Ғалым Оразбақов мәлім етті.
«Монополияға қарсы заңнаманы бұзғаны үшін өткен жылы бюджетке түскен түсімдер сомасы шамамен 250 млн. теңгені құрады (2012 жылы 1305,8 млн. теңге түсті). Былтыр біздің пайдамызға шешіліп, жеңген істердің үлесі 75 пайызға жетті»,-деді агенттік басшысы.
Ғ. Оразбақов «Kcell» АҚ мен «МобайлТелекомСервис» ЖШС-ға қатысты тергеу жүргізу барысында ұялы операторлар абонеттердің келісімінсіз «Әрқашан байланыста» қосымша қызметін күштеп таңуы анықталғанын атап өтті. Ал ұялы байланыс операторларына қатысты қозғалған әкімшілік құқықбұзушылық туралы істер сотқа жіберілген.