Елбасы Ресейдің Сочи Олимпиадасын табысты өткізуіне тілектестігін білдірді - kaz.caravan.kz
  • $ 467.98
  • 533.87
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
8 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елбасы Ресейдің Сочи Олимпиадасын табысты өткізуіне тілектестігін білдірді

Елбасы Ресейдің Сочи Олимпиадасын табысты өткізуіне тілектестігін білдірді

Бүгін Ақордада Қазақстанда тіркелген шетелдік дипломатиялық миссиялар өкілдерімен кездесу барысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ресейдің Сочи Олимпиадасын табысты өткізуіне тілектес екендігін білдірді.

  • 5 Ақпан 2014
  • 354
Фото - Caravan.kz

Сочиде өтетін 22-ші қысқы Олимпиада ойындары ТМД аумағында алғаш рет ұйымдастырылып отырғанын баса айтқан Елбасы: «Мен ең алдымен Ойындарды ұйымдастыратын  біздің стратегиялық серіктесіміз — Ресей Федерациясына оны жемісті өткізуіне, барлық ұлттық құрамаларға, біздің елімізге жарқын спорттық жеңістер мен үміттерді ақтауға тілектеспін», деді.

Сонымен қатар ҚР Президенті  миссия өкілдеріне 2022 жылғы 24-ші қысқы Олимпиада ойындарын өткізуге берген Алматы қаласының кандидатурасына қолдау білдіретіндігіне сенім артатындығын баса айтты.