Қазақстан шетел бизнесіне тиімді жағдай жасауды жалғастыра береді - kaz.caravan.kz
  • $ 471.04
  • 538.54
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
8 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан шетел бизнесіне тиімді жағдай жасауды жалғастыра береді

Қазақстан шетел бизнесіне тиімді жағдай жасауды жалғастыра береді

Қазақстан шетел бизнесіне тиімді жағдай жасауды жалғастыра береді. Бүгін Ақордада Қазақстанда тіркелген шетелдік дипломатиялық миссиялар мен халықаралық ұйымдар өкілдерімен кездесу барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлім етті.

  • 5 Ақпан 2014
  • 404
Фото - Caravan.kz

«Мен шетелдік бизнесті Қазақстанға белсенді инвестиция салуға, бізде өздерінің өндіріс орындарын ашуға, пайдалы қазбаларды терең өңдеу саласында, инфрақұрылымды нысандар салуда, аграрлық өндірісте тиімді келісімшарттар жасасуға шақырамын», — деді Елбасы.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы Қазақстанның индустриалды саясаты аясында бизнестің өзіне әрі біздің еліміз үшін тиімді шарттармен жұмыс істеуіне жағдай жасала беретіндігін баса айтты.

«Сіздердің Үкіметтеріңіздің түсіністікпен қарап, қолдауына үміт артамыз», — деді Н.Назарбаев.