Қазақстанда жасалған SsangYong Rodius көлігінің құны қанша? - kaz.caravan.kz
  • $ 471.04
  • 538.54
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
8 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда жасалған SsangYong Rodius көлігінің құны қанша?

Қазақстанда жасалған SsangYong Rodius көлігінің құны қанша?

Қазақстанда «Агромашхолдинг» ЖШС базасында құрастырылған SsangYong Rodius отбасылық жол талғамайтын көлік сатылымға 10 ақпанда шығады,

  • 5 Ақпан 2014
  • 872
Фото - Caravan.kz

ал оның құны 5,45 млн теңгеден басталады, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.

«Көліктің басты ерекшелігі — оның сыйымдылығы мен үлкендігі. Бес есікті Rodius көлігіне 7 адам сыяды, қосымша орындықтар 3-қатарда ыңғайлы орналасқан. Орындықтар түсірілген кезде оның жүк салғышы 3000 литрге дейін үлкейеді», — делінген зауыт хабарламасында.

Көлік барлық заманауи технологиялармен жабдықталған. Жаңа SsangYong-тің ұзындығы — 5,13 метр, ені — 1,915, биіктігі — 1,815 метр. «АгромашХолдинг» зауыты SsangYong Rodius-ті қазіргі уақытта 2 литрлік дизель қозғалтқышымен шығаруда.