«Астана Опера» театры гастрольге шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 471.04
  • 538.54
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
8 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Астана Опера» театры гастрольге шықты

«Астана Опера» театры гастрольге шықты

«Астана Опера» театры алғашқы гастролін мәдениеттің бесігі – Алматыдан бастады. Ашылғанына бір жыл да болмаған жас театр әлемдік турнесін өнер саңлақтары түлеп ұшқан Абай атындағы опера және балет театрынан бастағанды жөн көріпті. Шығармашылық ұжымның басты қойылымдарының бірі – «Біржан-Сара» операсы.

  • 6 Ақпан 2014
  • 219
Фото - Caravan.kz

70 жылға жуық уақыт сахналанған «Қыз Жібектен» кейінгі шоқтығы биік қойылым 4-5 рет өзгеріске ұшыраған. Уақыт өткен сайын құны өрлей беретін операның бұл жолы толық нұсқасы көрсетілді. Жалапы «Астана опера» театрының өнер ұжымы бір жыл ішінде Нью-Йорк, Лондон, Париж қалаларындағы үлкен сахналарда өнер көрсетуді жоспарлап отыр. Ондағы негізгі қойылым да осы «Біржан-Сара» операсы болмақ. Айта кетсек, ақын Сараның партиясын бұл жолы Қазақстанның еңбек сіңірген артисі Айгүл Ниязова орындайды. Ал, Біржан салды орындауға Ресейден арнайы артист шақыртылған.


СНХ. Ахмед Ағади, Ресейдің еңбек сіңірген артисі:

–Бұл спектакльде Біржанның әуенін орындап қана қоймай актерлық шеберлікті жүректен шығару керек. Жас балалар онша орындай алмайды. Музыкасы да, драмасы да қиын. Шеберлік болғаннан кейін мені «Астана Опера» театры спектакльде ойнап бер деп шақырды. Мен өте ризамын.