«Қарадайы» бұл КТК арнасынан енді көрсетілімін бастаған су жаңа түрік телехикаясы. Көрерменге өтімді әрі әсерлі болуы үшін азулы режиссерлер Түркияның бетке ұстар актерларын ірктепті мұнда. Мәселен, басты рөлд талай бойжеткеннің көзайымына айналған Кенан Имирзаоғлы, ал ғашығын «Мың бір түннің» басты ханшайымы сомдаған.
-Өмір бойы бақытты болуым үшін өз махаббатымды іздеп жүрмін!
Телехикая отбасының абыройын табанасты етпес үшін жанын беруге бекінген Махир жайында. Яғни, әкесіне «адам өлтірді» деп жабылған жаланы жоққа шығаруы тиіс. Әрине нағыз қылмыскерді тауып беріп.
-Мен өлтірген жоқпын!
Тәрбиелік астары бар сериалда шынайы махаббатқа да орын табылған. Басты кейіпкер Махир отағасының ісін қарап жатқан сот төрайымына өлердей ғашық болады. Қызық енді басталғандай.
Көрген адам сенің әкеңді асқалы жатыр деп ойлайды ғой. – Сенің қолыңа жүзік салынған жоқ. Өйтіп тырнақ астынан кір іздей берсең Махирдан айырылып қаласың, қызым.
Қазақ тілінде көрсетілетін телехикаяның орысша субтитрмен берілетінін де айта кетейік. Қызықты да драмалы оқиғаның немен аяқталғанын білгіңіз келсе дүйсенбі мен жұма аралығында КТК арнасынан «Қарадайы»-ны көріңіз. Күн сайын 19:15-те.