Бергей Рысқалиевтің сыбайласы аштық жариялады - kaz.caravan.kz
  • $ 471.04
  • 538.54
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
8 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бергей Рысқалиевтің сыбайласы аштық жариялады

Бергей Рысқалиевтің сыбайласы аштық жариялады

Атырауда сот алдында жауап беріп жатқан Бергей Рысқалиевтің сыбайластарының бірі аштық жариялады. Экс-әкімге тиесілі компанияларда бас есепші қызметін атқарған Гүлмира Әзбергенова жазасын жеңілдетуді талап етуде. Кәсіпкер осы іс бойынша тергеу изоляторында отырған 11 адамның ішіндегі жалғыз әйел.

  • 6 Ақпан 2014
  • 239
Фото - Caravan.kz

Сот басталғалы бері бұл азаматша тергеу изоляторынан үйқамаққа ауыстыру сұрап бірнеше рет өтініш білдірген болатын. Бірақ ол арызын сот қанағаттандырған жоқ. Адвокаты болса, Гүлмира Әзбергенованың тергеуге көп қолұшын бергенін айтып отыр. Айтуынша, ақпарат құралдарынан өзінің іздеуде екенін біліп, полицияға өз аяғымен келген. Осының барлығын сот ескермеді деген айыпталушы наразылық ретінде бүгін үшінші күн ас-судан бас тартып жатыр.

Гүлмира Әзбергенова, айыпталушы:



-Жауаптан жалтарған емеспін. Тек маған дайын қағаз алып келіп, соған қол қоюымды сұрады. Қол қоймасаң жұмыстан шығасы дейді. Ешқандай кінәм жоқ. Үйқамаққа ауыстыруды сұрадым. Қайтқан апамды жерлеуге де бара алмадым. Қолымда асырап отырған жетім балалар бар. Сондықтан аштық жариялап отырмын. Әйтпесе тыңдайтын түрлері жоқ. 27-ші қаңтарда өтініш жазғам судьяға. Ал ол түрме қызметкерлеріне ескертпеген. Бұл қалай сонда?