«Протон-М» апатынан келген шығынды өтеу уақытын Ресей тарапы созып жіберді - Вице-премьер - kaz.caravan.kz
  • $ 471.04
  • 538.54
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
8 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Протон-М» апатынан келген шығынды өтеу уақытын Ресей тарапы созып жіберді - Вице-премьер

«Протон-М» апатынан келген шығынды өтеу уақытын Ресей тарапы созып жіберді - Вице-премьер

«Протон-М» зымыран-тасығышының апатынан келтірілген шығынды өтеу жұмыстарын Ресей тарапы созып жіберді. Бұл туралы бүгін ҚР Ұлттық ғарыш агенттігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде Үкімет басшысының бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев мәлім етті.

  • 6 Ақпан 2014
  • 613
Фото - Caravan.kz


«Байқоңыр» кешені аумағындағы экологиялық мәселелер өзекті болып отырғандығына тоқталған вице-премьер, «бұл зымыран-тасығышты ұшырған сайын халық арасында әлеуметтік наразылық туындайды. Осыған байланысты «Байқоңыр» кешені аумағында Қазақстанның Экологиялық кодексін қолдану туралы мәселені көтеріп, «Протон-М» зымыран-тасығыш апаты кезінде қоршаған ортаны ластаудың есептеулері жасалды. Алайда, Байқоңыр аумағында Қазақстанның Экологиялық кодексінің іс-қимылын тарату мен шығынның орнын толтыру бойынша мәселелердің шешімі осыған дейін созылып келеді»,-деді Б. Сағынтаев.
Осы орайда вице-премьер ҚР Қоршаған орта және су ресурстары министрлігіне мемлекеттік органдармен бірлесе «Жол картасы» аясында осы жұмыстарды аяқтауды тапсырды.
Еске сала кетейік, былтыр 2 шілде күні «Байқоңыр» ғарыш айлағында №81 алаңқайдан үш «Глонасс» серігі бар «Протон-М» зымыран-тасығышын ұшыру кезінде апат орын алды. Зымыран жерге құлдилап, жарылды. Комиссияның пайымынша, апатқа бұрыштық жылдамдық құрылғысы дұрыс орнатылмауы себеп болды.