«Мен бұл соншалықты қажет деп ойламаймын. Егер Қазақстанның Ауғанстан, Пәкістан сияқты «стан» деп аяқталуына бола туристер бізге келмесе, осыған бола елдің атауын өзгертіп керек емес», деп депутат бүгін «Интерфакс-Қазақстан» агенттігіне мәлімдеді.
Депутат осы мәселе бойынша референдум өткізу қажет деп есептейді.
Референдум өткізуді депутаттардың ұсынғаны міндетті емес, мұны бастамашы топ та жасай алады, дейді депутат. Бейсенбі күні Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Атырау облысының жұртшылығымен кездесу кезінде Қазақстанды Қазақ елі деп атау мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.