Фестиваль Уэс Андерсонның "Отель "Гранд Будапешт" атты жаңа картинасымен ашылды. Берлиналенің ашылуына картинада рөл сомдаған актерлер Р.Файнс, Тильда Суинтон, Уиллем Дефо, Билл Мюррей, Джефф Голдблюм келді.
Кинофестивальдің бас жүлдесі «Алтын аю» үшін Германия, Франция, Қытай, Жапония, Норвегия, Австрия, Бразилия, Аргентинадан жиырма картина бақ сынасады. Фестиваль шеңберінде 409 фильм көрсетіледі. Берлинале ашылған күні 300 мың билет сатылды. Ұйымдастырушылардың есебі бойынша, фестивальға 20 мың қатысушы келеді, оның 3700-і журналистер.