Өлерінде 4 адамның өмірін құтқарды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.04
  • 538.54
+31 °C
Алматы
2026 Жыл
8 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өлерінде 4 адамның өмірін құтқарды

Өлерінде 4 адамның өмірін құтқарды

Даммам қаласындағы король Фахда атындағы ауруханада дәм-тұзы таусылған Сауд Арабиясының 27 жастағы тұрғыны төрт бірдей саудиялық ер адамның өмірін сақтап қалды. Марқұм әйелдің шарапаты тиген олардың жас шамалары да әрқалай.

  • 8 Ақпан 2014
  • 413
Фото - Caravan.kz


Миы қызметін тоқтатқан әйел емханада өткен аптадан бері жатқан болатын. «Ethar» қайырымдылық қоры марқұмның отбасына оның ішкі ағзаларын мұқтаж пациенттерге беруін сұрап, қолқа салады.

Марқұм әйелдің жүрегі Ер-Риядтағы ханзада Сұлтан атындағы кардиологиялық орталықта жатқан 44 жастағы пациентке бұйырса, бір бүйрегі 15 жастағы ер балаға тарту етілді. Ал бауыры Даммамдағы 64 жастағы егде кісіге, тағы бір бүйрегі осы қаладағы 36 жастағы жігітке берілді, деп жазады muslim.kz.