Наурыз айында Байқоңырдан радиолокациялық "Кондор-Э" серігі ұшырылады – дереккөз - kaz.caravan.kz
  • $ 471.04
  • 538.54
+31 °C
Алматы
2026 Жыл
8 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Наурыз айында Байқоңырдан радиолокациялық "Кондор-Э" серігі ұшырылады – дереккөз

Наурыз айында Байқоңырдан радиолокациялық "Кондор-Э" серігі ұшырылады – дереккөз

Биыл 19-наурыз күні Байқоңыр ғарышжайынан Жерді дистанциялық барлаушы "Кондор-Э" серігі бар "Стрела" зымыранын ұшыру көзделген, деп хабарлады дүйсенбіде "Интерфакс-Қазақстанға" хабардар дереккөз.

  • 10 Ақпан 2014
  • 503
Фото - Caravan.kz

Айтуларына қарағанда, "Кондор-Э" аппараты құрылымы жағынан Байқоңырдан 2013 жылы 27-маусым күні ұшырылған сол аттас серікке үйлес.

"2013 жылы ұшырылған серік Ресей қорғаныс министрлігінің тапсырысы бойынша құрылған. Бұл жолғысы шетелдік тапсырыс берушінің өтініші бойынша құрылып отыр, бірақ кімнің тапсырысы екендігі құпия" ,деді ол.

"Кондор" сериясындағы серіктерді "ВПК "НПО Машиностроения" ААҚ шығарады, салмағы бір тоннадан асады, серік бес жыл бойы 500 шақырым биіктікте жұмыс атқаруға тиіс, тапсырыс берушіге жер бетінен бір метрдегі радиолокациялық суреттерді беріп отырады.

Радиолокациялық серіктердің ғарыштық аппараттардан ерекшелігі, ол арқылы жер бетін тәулік бойы және кез-келген ауа-райында түсіру мүмкіндігі бар. Сонымен қатар кейбір толқын жиілігінде радиолокаторлар жер астының бір бөлігін де көре алады.