Медиициналық қызмет сапасына бақылау күшейеді - С. Қайырбекова - kaz.caravan.kz
  • $ 471.04
  • 538.54
+31 °C
Алматы
2026 Жыл
8 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Медиициналық қызмет сапасына бақылау күшейеді - С. Қайырбекова

Медиициналық қызмет сапасына бақылау күшейеді - С. Қайырбекова

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты ел халқына Жолдауын түсіндіру мақсатында  ҚР Денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова Шығыс Қазақстан облысына барды, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметінен.

  • 10 Ақпан 2014
  • 636
Фото - Caravan.kz

Министрдің сапары Семей қаласындағы №2 және №3 емханаларында медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету жайымен танысудан басталды. Медицина қызметкерлерімен кездесу кезінде ол Жолдауда медициналық-санитариялық алғашқы көмекті дамытуға басымдық берілгенін атап көрсетті. Сонымен қатар бастапқы буында қандай жүйелі іс-шаралар жүзеге асырылатынын жеткізді.     

Министр сондай-ақ, Семейде Өңірлік онкологиялық диспансеріне аялдап, радиологиялық кластерді пайдалануға беру барысымен де  танысты.

Жекеменшік «IN-VITRA» медициналық мекемеге барған кезінде денсаулық сақтау саласында мемлекеттік-жекеменшік серіктестікті дамытудың маңыздылығын атап көрсетті.

Семей өңірінің медициналық қоғамдастығымен кездесуде Салидат Қайырбекова халық денсаулығын сақтау саласында мемлекет тарапынан атқарылып жатқан шаралар, салаға бағытталған қаражат, оны тиімді және ашық пайдалану турасында әңгімеледі. Осы орайда ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық қызметті қадағалау комитеті тарапынан халыққа ұсынылатын қызмет сапасына бақылау күшейтілетінін баса айтты. 


Министр Салидат Қайырбекова бүгін Бесқарағай ауданының орталық ауруханасы және Қарабас ауылындағы «Омбы-Майқапшағай» тас жолындағы дәрігерлік-құтқару тірегіне барып, Өскеменде өңірдің медициналық қоғамдастығымен кеңейтілген жиын өткізеді.