Қостанай облысында екі зауытта жалған акциз маркімен арақ шығарып келген - kaz.caravan.kz
  • $ 471.04
  • 538.54
+31 °C
Алматы
2026 Жыл
8 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қостанай облысында екі зауытта жалған акциз маркімен арақ шығарып келген

Қостанай облысында екі зауытта жалған акциз маркімен арақ шығарып келген

Қостанай облысында алкоголь өнімдерін шығаратын екі зауыттың жетекшілеріне қатысты қылмыстық істер қозғалды.

  • 10 Ақпан 2014
  • 443
Фото - Caravan.kz

"Прокуратура есепке алынбаған алкоголь өнімдерін сату фактілері бойынша зауыт басшыларына қатысты қылмыстық істер қозғады. Заңсыз айналымнан 39 мың жалған есепке алу-бақылау маркісі (УКМ) мен жалған УКМ жапсырылған 29 мыңнан аса алкоголь өнімі құйылған бөтелке тәркіленді", делінген дүйсенбіде облыстық прокуратурадан таралған баспасөз хабарламасында.

Зауыттардың бірінен құрылғы табылған, оның көмегімен есепке алынбаған өнім шығарылып отырған.

"Яғни ресми статистикада көрсетілмеген, сәйкесінше салық төленбеген арақ шығарылып отырған".


Прокуратура дерегіне қарағанда, мемлекетке 3 млн теңгеден аса залал келтірілген.

"Интерфакс-Қазақстанға" облыс прокуратурасының баспасөз хатшысы Рүстам Садықов атап өткендей, зауыт басшыларына қатысты қылмыстық іс сотқа жіберілген.