Оралда кәмілеттік жасқа жетпегендерді азғырды және порнографиямен айналысты, деген күдік келтірілген британдық азамат екі айға қамауға алынды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.04
  • 538.54
+31 °C
Алматы
2026 Жыл
8 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оралда кәмілеттік жасқа жетпегендерді азғырды және порнографиямен айналысты, деген күдік келтірілген британдық азамат екі айға қамауға алынды

Оралда кәмілеттік жасқа жетпегендерді азғырды және порнографиямен айналысты, деген күдік келтірілген британдық азамат екі айға қамауға алынды

Орал соты дүйсенбіде Ұлыбритания азаматын қамауға алуға санкция берді, ол екі айға қамауға алынды, деп хабарлады "Интерфакс-Қазақстанға" облыстық соттан.

  • 10 Ақпан 2014
  • 419
Фото - Caravan.kz

Алдында хабарланғандай, 14-қаңтар күні полицияға 2001 жылы туылған қыздың анасы арыз берген, оның айтуына қарағанда, бір адам оның қызын жалаңаш күйінде бейнеге түсіріп алған. "Шағала" қонақ үйінің нөмірін тексеру кезінде Ұлыбританияның 38-жастағы азаматы ұсталған, ол құқық қорғау органдары қызметкерлерін көрген бойда флешканы шағын толқынды пешке өртеп жіберген.

Британдық азамат өткен жұмада ұсталған. Оған қатысты республика Қылмыстық кодексінің 124 бабының 3-тармағы және 273 баптың 3-тармағының "б" пунктінде көзделген іс қозғалды.