Қазақстанда тұтынушы қоржыны 5 жыл сайын өзгеріп отыруы тиіс - Т.Дүйсенова - kaz.caravan.kz
  • $ 471.04
  • 538.54
+31 °C
Алматы
2026 Жыл
8 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда тұтынушы қоржыны 5 жыл сайын өзгеріп отыруы тиіс - Т.Дүйсенова

Қазақстанда тұтынушы қоржыны 5 жыл сайын өзгеріп отыруы тиіс - Т.Дүйсенова

Қазақстанда тұтынушы қоржыны 5 жыл сайын өзгеріп отыруы тиіс. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингісінде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова мәлім етті.

  • 10 Ақпан 2014
  • 595
Фото - Caravan.kz

«Біз әлемде тұтынушы қоржынын әрбір 5 жыл сайын өзгерту тәжірибесі барын хабарладық. Қазіргі уақытта біз Қазақ тағамтану академиясымен бірге бұл мәселені пысықтадық», — деді министр.

Оның сөзіне қарағанда, әлеуметтік стандарттардың ең төменгі деңгейіне қатысты заң жобасы жасақталуда. «Стандарттардың базалық көрсеткіші күнкөрістің ең төменгі деңгейі болмақ», — деп атап өтті Т.Дүйсенова.

Айта кетейік, бүгінгі таңда Қазақстанда тұтынушы қоржыны 19 966 теңгені құрап отыр.