Жүздесу барысында Қазақстан мен Иордания және Қазақстан мен Қатар арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың мәселелері, парламентаралық үнқатысуды дамытудың келешегі талқыланды.
Қ.Тоқаев Аммандағы орталық көшелерінің біріне Президент Нұрсұлтан Назарбаев есімінің берілуіне орай иордан елшісіне ризашылығын білдірді. Ол сондай-ақ Қатар Әмірі шейх Тамим бен Хамад аль-Танидің таяудағы Астанаға ресми сапарының маңыздылығын атап өтті.