Арнайы жасақ аяқасты кіріп келгенде іштегілердің шошығаны соншалық, біреуіне жедел жәрдем шақыртуға тура келіпті. Ойыншы есін жинағанша, жергілікті прокуратура қызметкерлері мен тәртіп сақшылары мекемедегі бар фишка, жиылып қалған қомақты ақшаны тәркілеп үлгерді. Соған қарағанда заңсыз казинода ойын үздіксіз жүргізіліп, келушілері де көп болған сыңайлы. Бүгіннің өзінде 9 клиент пен оларға қызмет көрсеткен қос диллердің қолына кісен салынған. Ал казино иесі енді ірі көлемде айыппұл төлеп, қылмыстық жауапқа тартылатын болады.