Кәсіпкерлер жұмыртқа бағасын қасақана шарықтатып жіберген - kaz.caravan.kz
  • $ 471.04
  • 538.54
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
8 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Кәсіпкерлер жұмыртқа бағасын қасақана шарықтатып жіберген

Кәсіпкерлер жұмыртқа бағасын қасақана шарықтатып жіберген

Солтүстік Қазақстанда құс фабрикаларының басшыларына ымыраласып, жұмыртқа бағасын көтергені үшін айыппұл салынды. Жергілікті монополиямен күрес инспекциясы төрт айдан бері олардың жұмысын тексеріп, осындай қорытынды шығарған. Алайда былтыр күзде шала байып қалған жұмыртқа өндірушілер айыппұл төлеуге құлықсыз болып отыр. Сондықтан іс тек сотта шешілетін сыңайлы. 

  • 11 Ақпан 2014
  • 231
Фото - Caravan.kz

Мына кадрлар былтыр күзде түсірілген. Сол жолы жұмыртқаның бағасынан шошыған жұрт жағасын ұстаған еді. Қызылжар базарларында бұл өнім аяқ асты бірден 40 пайызға қымбаттаған. Жергілікті монополиямен күрес инспекциясы қызметкерлері бұл жерде бір шикіліктің барын бірден сездік дейді.

Арман Өтегенов, СҚО монополияға қарсы күрес инспекциясының бастығы: 

-Біз анықтадық, ол көтеру негізсіз. Өйткені бұл кезінде азық жемге баға көтерілген жоқ. Азық болды. Бұл өнідуршілер субсидия алады және меморандум әкімшілікпен бар. Соған қарамастан біз қарадық және анықтадық, бұл көтеру негізсіз болды.   

Мамандар төрт ай бойы жергілікті құс фабрикаларына тексеру жүргізіпті. Мұны сезген сыбайластар тексеру аяқталмай жатып-ақ жұмыртқа бағасын түсіре бастаған.  

-Месяц назад подешевле стала

-почему ?

Так фабрика нам прислала, раньше вроде нехватка яйц было..

Қазір еліміздің барлық өңіріндегі құс фабрикаларында тексеру жүріп жатыр. Қарағанды мен Қостанай өңірінде бұл шара әлі аяқталмаған. Ал керекуліктер мен қызылжарлықтар қомақты айыппұл төлейтін болыпты.  Мысалы солтүстікқазақстанағы 4 фабрика бірлесіп,  3 миллион теңге айыппұл төлегелі отыр. Бұл олардың былтыр күзде заңсыз тапқан пайдалары. Алайда, бір-бірімен сөз байласқандардың өз еріктерімен ақшаны төлейтін түрі жоқ.     


Арман Өтегенов, СҚО монополияға қарсы күрес инспекциясының бастығы:

-Жалпы айыппұл 3 миллион теңге құрайды. Бәрін, ақпаратты,  материалдарды сотқа жібереміз. Бәрі сотта шешілетін болады.

Есесіне  базардағы нарықтың байыбына келе бастағанына халық риза.   Басқасының бағасы аспандап жатқанда, ең құрығанда жұмыртқанікі түскені жақсы болды дейді. 

-Дорого было, 220,240 а сейчас  160,165