Анар Мешімбаева құранға қолын қойып кінәсіздігін дәлелдеуге дайын - kaz.caravan.kz
  • $ 471.04
  • 538.54
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
8 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Анар Мешімбаева құранға қолын қойып кінәсіздігін дәлелдеуге дайын

Анар Мешімбаева құранға қолын қойып кінәсіздігін дәлелдеуге дайын

Анар Мешімбаеваның ісі халықаралық сипат ала бастады. Біріккен Ұлттар Ұйымының өкілдері президент Нұрсұлтан Назарбаевтың атына хат жазып, шатылып жатқан шенеунікті толық ақтауды сұрап отыр.

  • 11 Ақпан 2014
  • 277
Фото - Caravan.kz

Анар Мешімбаеваны қолдап отырған Біріккен Ұлттар Ұйымының жетекші статистері. Шетелдіктер сотқа қатыспаса да, айыптаудың ойдан құрастырылғанына сенімді. Енді әріптестерін босатуды сұрап, Елбасының атына хат жолдап отыр. Оның мәтінін бүгінгі процессте Мешімбаеваның адвокаты оқып берді. Ал сыбайластарымен бірігіп ұлттық санаққа бөлінген 758 млн теңгені жымқырды делінген Статистика агенттігінің экс-төрайымы кінәсіз екенін мәлімдеуден танар емес. Тіпті онысын қасиетті Құран кітабына  қолын қойып  дәлелдеуге бар.


Анар Мешімбаева:

-Санақты өте жақсы өткіздік. Мұны халықаралық ұйым да мақтап отыр.  Мен де, екі орынбасарым Баянов та, Меңдібаев та — ешқайсымыз санаққа мердігер компанияның қатысып ақшаны қолма қолға айырбастап алып жүргенін білмедік. Ешқашан кәсіпкерлікпен айналысқаным жоқ. Мен өмір бойы мемлекеттік қызметте істедім.