Биыл Қарағанды қаласының 80 жылдығы тойланады - kaz.caravan.kz
  • $ 471.04
  • 538.54
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
8 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Биыл Қарағанды қаласының 80 жылдығы тойланады

Биыл Қарағанды қаласының 80 жылдығы тойланады

Қарағанды облысының әкімі Бауыржан Әбдішев аппарат кеңесін өткізіп, биыл аймақта аталып өтілетін мерекелік шаралардың дайындығын пысықтады, деп хабарлайды облыс әкімдігінің сайты.

  • 11 Ақпан 2014
  • 698
Фото - Caravan.kz

Қарағанды облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Гүлнарайым Қаңтарбекованың атап өтуінше, биылғы жылы бірқатар мерекелік іс-шаралар өткізу жоспарланған. Атап айтқанда, Қарағанды қаласының 80 жылдығы, Қарқаралы ауданының 190 жылдығы, Саран қаласының 60 жылдығы, Жезқазған қаласының 60 жылдығы және Ұлытау ауданының 75 жылдығы кең көлемде аталып өтіледі.

Сонымен қатар, кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылуының 25 жылдығы, Семей антиядролық қозғалысының 25 жылдығы, жалпы мәслихаттар құрылғанының 20 жылдығы, академик Қ.Сәтбаевтың 115 жылдығы, С.Сейфуллиннің 120 жылдығы және басқа да атаулы іс-шараларды өткізу жоспарланған. 

Осыған орай, аймақ басшысы Б.Әбдішев мерекелік іс-шаралар туралы БАҚ арқылы кеңінен насихаттау, қалалық жолаушылар тасымалының кешкілік уақытындағы жұмысын қадағалау, жарнамалық және афишалық қалқандарды әзірлеуге тапсырма берді.