ҚР Ұлттық банкі теңге бағамының күрт төмендеуіне қатысты түсініктеме береді - kaz.caravan.kz
  • $ 471.04
  • 538.54
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
8 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР Ұлттық банкі теңге бағамының күрт төмендеуіне қатысты түсініктеме береді

ҚР Ұлттық банкі теңге бағамының күрт төмендеуіне қатысты түсініктеме береді

Бүгін Алматыда түскі сағат 13.00-де ҚР Ұлттық банкінің басшысы Қайрат Келімбетов теңге бағамының күрт төмендеуіне қатысты мәселеге өз жауабын бермек.

  • 11 Ақпан 2014
  • 413
Фото - Caravan.kz

Бүгін Қазақстан биржалық қорының саудасы (KASE) теңгенің АҚШ долларына шаққандағы бағамы 186 теңге деңгейінде ашылды.

Ал БТА банктің ресми сайтында доллар бағамы 182 теңге көлемінде көрсетілген. Сатылым 1 доллар үшін 190 теңге көлемінде.

ҚР Ұлттық банкінің ресми сайты істемей тұр.

Бұның алдында хабарлағанымыздай, 2014 жылдың 11 ақпанынан бастап ҚР Ұлттық банкі теңгенің бұрынғы деңгейін сақтап тұрудан, валюталық интервенциялардың көлемін кемітуден, теңгенің айырбас бағамын құру процесіне араласудан бас тарту туралы шешім қабылдады.

ҚР Ұлттық банктің хабарламасында көрсетілгеніндей, АҚШ долларының бағамы 185 теңге көлемінде тіркеледі.


Дегенмен, бүгіннің өзінде Альянс және Цеснабанк көрсеткен бағам 1 доллар үшін 215 теңге көлемінде тұр.