Қаржы полициясы ірі көлемде ұрланған мұнай өнімдерін анықтады - kaz.caravan.kz
  • $ 471.04
  • 538.54
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
8 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қаржы полициясы ірі көлемде ұрланған мұнай өнімдерін анықтады

Қаржы полициясы ірі көлемде ұрланған мұнай өнімдерін анықтады

Ақмола облысы бойынша Экономикалық қылмыс және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментімен «Көкшетау Мұнай Компани» ЖШС директорына қатысты қылмыстық іс қозғалды.

  • 11 Ақпан 2014
  • 304
Фото - Caravan.kz


Тергеу материалдары көрсеткендей, 2013 жылдың ақпанынан сол жылдың  қараша айына дейін «Көкшетау Мұнай Компани» ЖШС директоры жұмсап жіберу тәсілімен «ПНХЗ» АҚ -нан АИ-80 маркалы бензинін 2000 тоннадан астам көлемде сақтау үшін жалпы сомасы 241 млн. теңгені жымқырған.

Осылайша, ЖШС директоры ҚР ҚК 176-бабы 4-тармағының «б» тармақшасымен көзделген біреудің сеніп тапсырылған мүлкін иемденіп немесе жойып жіберді деген күдікпен жауапқа тартылып отыр, делінген Ақмола облыстық қаржы полициясының баспасөз қызметі таратқан хабарламада.