Маңғыстау аудандық Ішкі істер басқармасының 4 лауазымды қызметкері жауапкершілікке тартылды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.04
  • 538.54
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
8 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Маңғыстау аудандық Ішкі істер басқармасының 4 лауазымды қызметкері жауапкершілікке тартылды

Маңғыстау аудандық Ішкі істер басқармасының 4 лауазымды қызметкері жауапкершілікке тартылды

Маңғыстау аудандық прокуратурасы 2013 жылдың қорытындысы бойынша аудандық сотта қысқартылған әкімшілік істердің заңдылығын тексерді.

  • 11 Ақпан 2014
  • 461
Фото - Caravan.kz


Тексерудің нәтижесінде, аудандық ішкі істер басқармасының қызметкерлері тұлғаларға қатысты негізсіз әкімшілік хаттамалары толтырғандығы анықталды. Ал сот ісі олардың әрекеттерінде құқық бұзушылық құрамының жоқ болуына байланысты қысқартылған. Бұл туралы облыстық прокуратураның баспасөз қызметінен хабарланды.

«Аталған деректер бойынша аудан прокуратурасымен аудандық ІІБ-нің басшысы атына ұсыныс енгізіліп, оның нәтижесімен 4 лауазымды қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, әкімшілік хаттамалар толтыру, әкімшілік іс материалдарын жинақтау және әкімшілік құқық бұзушылықты дәлелдейтін іс-құжаттарын сапалы жинау мақсатында аудан прокуратурасымен аудандық ІІБ-де дәріс оқылды», — делінген баспасөз баянында.