Астананың кейбір айырбас пунктерінде 200$ немесе 500$-дан астам ақша сатпауда.
Қазақстан қалаларындағы көптеген ақша айырбастау аунктері жабылып, айырбас жүргізбеуде. Алматыда ақша айырбастау пунктерінің қызметкерлері басшылық теңгенің айырбас бағамымен не істейтіндерін білмей абдырап жатқандарын айтады.
Павлодардың көптеген айырбас пунктерінде ақша бағамы туралы мәлімет ілінбеген, олар жабық тұр.
Шымкентте айырбас пунктері доллар сатудың орташа бағамын 191-200 те клиенттерден тек АҚШ доллары сатып алынуда.
Атырау орталығында айырбас пунктері жұмыс істеп жатыр. АҚШ-тың орташа бағамы 175 (сатып алу) және 195 (cату) теңге болып белгіленген. Дүрбелең жоқ, адамдар бағамды көрісімен теріс айналып кетуде. Алайда, көшеде долларды 165-170 теңгеден сатып алып жатқан саудагерлер пайда болған.
eGov.kz электрондық үкімет порталы Twitter парақшасында былай деген: " Бүгінгі жаңалықтарға байланысты порталдың ақылы қызметі уақытша көрсетілмейді. Біз олардың жұмысы қалпына келтірілгенінен хабардар етеміз».
Кейбір коммерциялық банктер валюта конвертациялау, ақша аудару қызметтерін көрсетпеуде, бағалы металдар сатып алу, сату тоқтаған.
Ұлттық банк 11 ақпаннан бастап теңгенің айырбас бағамын бұрынғы деңгейде ұстап тұрудан, валюталық интервенция мөлшерін төмендетуден, теңгенің айырбас бағамын құру үрдісіне араласудан бас тарту туралы шешім қабылдады.