«Доллар бағамы тұрақтанғанға дейін көлік сату уақытша тоқтатылды», — деп «Меркур Авто» компаниясының дилерлік орталығы мәлімдеді.
Ұлттық банк 11 ақпаннан бастап теңгенің айырбас бағамын бұрынғы деңгейде ұстап тұрудан, валюталық интервенция мөлшерін төмендетуден, теңгенің айырбас бағамын құру үрдісіне араласудан бас тарту туралы шешім қабылдады.