Бұрынғы Конституцияда мемлекет бірінші орында тұрса, қазір адам бірінші орынға шыққан - саясаттанушы - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бұрынғы Конституцияда мемлекет бірінші орында тұрса, қазір адам бірінші орынға шыққан - саясаттанушы

Бұрынғы Конституцияда мемлекет бірінші орында тұрса, қазір адам бірінші орынға шыққан - саясаттанушы

Еуразия ұлттық университетінің проректоры, саясаттанушы Индира Рыстина жаңа Конституциядағы негізгі өзгерістер туралы айтып берді.

  • 7 Шiлде
  • 205
Фото: Видеодан скрин

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Ол «Qasqa Jol» ютуб арнасына берген сұхбатында Құрылтайдың заң шығарушы орган емес, консультативтік кеңес ретінде жұмыс істейтінін айтты.

«Жаңа Конституция — жаңа қоғамдық келісім. Конституция — азамат пен мемлекеттің арасындағы келісімшарт. Бұрын бізде екі палаталы парламент болса, қазір бір палаталы Құрылтайға көштік. Жаңа саяси институт ретінде Халық кеңесі пайда болды. Бұл институт та қоғам мен мемлекет арасындағы көпір бола алатын сияқты. Құрылтай заң шығарушы орган болса, Халық кеңесі консультативтік орган болып саналады. Ал вице-президент институты Президент қандай да бір себеппен өз өкілеттігін жүзеге асыра алмаған жағдайда оның міндетін уақытша атқаратын тетік ретінде қарастырылған», – дейді ол.

Сондай-ақ, ол жаңа Конституцияда адами капиталдың бірінші орынға шыққанын да тілге тиек етті.

«Бұрынғы Конституцияда мемлекет бірінші орында тұрса, қазір адам бірінші орынға шыққан. Сонымен қатар адами капитал, ғылым мен білім, инновация, бала тәрбиесі, неке институты секілді ұғымдар Конституцияда көрініс тапты», – деді ол.

Саясаттанушы Конституцияны «елдің іргетасы болатын құжат» деп атады.

«Конституция – белгілі бір кезеңде жазылатын құжат қана емес. Бұл – еліміздің даму стратегиясын айқындайтын, мемлекеттің іргетасына айналатын негізгі құжат. Конституция – қоғамдық келісім. Яғни біз қандай қоғам құрғымыз келеді, қандай қағидалармен өмір сүргіміз келеді – соның бәрі осы құжатта көрініс табады. Біз жаңа қоғам қалыптастырдық, енді соған сай ережелермен өмір сүруіміз керек деп ойлаймын», –дейді Индира Рыстина.