Кезекті жарыс күні Сочидегі ақ ойындарда бес медальдар жиынтығы сарапқа салынды. Медаль алған ешкім болмаса да кейбір спортшыларымыздың нәтижелері көңілден шықты.
Ең жоғары нәтиже көрсеткен фристайлшы Дмитрий Рейхерд, могулдан өткен жарыста бесінші орынды иеленді. Бұл сынақта канадалық Алекс Билода үздік шықты. Конькимен жүгіруде 500 метрге жарысқан ерлер додасында голландиялық шеберлердің бағы жанды. Олар тұғыр төріне ешкімді жібермесе, жерлесіміз Роман Керч мәре сызығын жетінші қиды. Бүгінгі жарыс бағдарламасында тоғыз қазақстандық өнер көрсетуде.
Сербия ұлттық құрамасының ойыншысы және «Манчестер Юнайтед» клубының қорғаушысы Неманья Видич келесі маусымнан бастап Миландық «Интер» клубының жейдесін киеді.
Италияндық бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша Видич Миландық клубпен екі жылдық келісім шартқа отырған. Сербиялық қорғаушының жылдық табысы 3,5 миллион евроны құрамақ. Айта кетсек 32-жасар футболшы 2004 жылы Мәскеудің “Спартак” клубында ойнаған. Ал 2006 жылдан бастап “Манчестер Юнайтед” сапында өнер көрсеткен серб ағылышындық клуб құрамында 287 ойын өткізіп 20 гол салған.