Атақты Асанәлі Әшімов қанша жалақы алатынын айтуға ұялды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.04
  • 538.54
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
8 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атақты Асанәлі Әшімов қанша жалақы алатынын айтуға ұялды

Атақты Асанәлі Әшімов қанша жалақы алатынын айтуға ұялды

Елімізде әртістер ашқұрсақ жүр! Бүгін мәдениет министрі театр актерлерінің жалақысы сантехниктің табысынан да әлдеқайда аз деп Үкімет басшысына мұңын шақты. Мұны өнер жолында жүргендердің өздері де растап отыр.

  • 12 Ақпан 2014
  • 397
Фото - Caravan.kz

Асанәлі Әшімов, ҚР Халық артисі:

-Мен өзі айтуға ұялушы едім, сұрағанда халық 2-3 есе көбейтіп айтатынмын. Біз біраз жерге келіп қалдық қой, әсіресе жастарға 30-40 мың деген айлық па? Пәтерақыға да жетпейді.

Қазір облыстық театр актерлерінің еңбекақысы 30-40 мың теңге. Әртістерсіз бірде бір мемлекеттік мереке, не саяси шаралар өтпейді. Бірақ, «сол өнер майталмандарының жалақысы жұрт алдындағы беделіне мүлдем сай емес» деп күйінді министр. Сондықтан Құл-Мұхаммед әкімдерден көмек сұрап, жергілікті бюджет есебінен әртістердің жалақысын екі есеге көтеруді ұсынды. Сондай-ақ, өңірлерде жаңа қойылымды сахналауға бөлінетін қаржы да мардымсыз екен. Мәселен, Жетісай театрында 4 қойылымға 1 млн теңге, яғни әр спектакльге небәрі 275 мың теңге жұмсалған, ал Павлодар облыстық қазақ театрында 6 қойылымға 1 жарым млн, яғни әр спектакльге 293 мың теңге ғана қаражат бөлінген.


Мұхтар Құл-Мұхаммед, ҚР Мәдениет және ақпарат министрі:

-Айтыңыздаршы, ондаған әртіс қатысып, оларға арнайы костюм тігілетін, бірнеше рет көрініс ауысып, көптеген арнайы декорациялар, реквизиттер жасалатын спектакльді небәрі 2000 долларға жетер-жетпес қаражатқа сахналауға бола ма? Тіпті, сол шенеуніктердің ара-тұра болатын той-томалағына қатысатын кейбір эстрада "жұлдызшаларына" бұдан әлдеқайда көп қаламақы берілетінін олар жақсы біледі.