2 млн долларды генерал Астанадағы өзі тұратын элиталық тұрғынүйдің ауласында санап алған. Сөйтіп кәсіпкерге мемлекеттік тендерді ұтып беруге уәде еткен көрінеді. Бюджеттен миллиардтаған теңге бөлінген тендер бойынша, қарулы күштерге соңғы үлгідегі байланыс құрылғылары жеткізілуі тиіс екен. Қолға түскен шенді бұған дейін Ішкі Істер министрлігінде түрлі лауазымды қызмет атқарған. Айта кетсек, ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрығына ілініп отырған бұл Қорғаныс министрлігіндегі алғашқы генерал емес. Бұған дейін «Укрспецэкспорт» компаниясынан 200 мың доллар пара алған Алмас Әсенов 11 жылға сотталса, қазынаның 137 млн теңгесін жеген Асқар Бөлдешов 8 жарым жылға абақтыға жабылған болатын.