Қазақстан Ұлттық банкі 2014 жылдың соңына дейін айырбастау пункттерінде валюта сату мен валюта сатып алу бағамдарына қатысты ауытқушылық шегін белгілеп берді - kaz.caravan.kz
  • $ 471.04
  • 538.54
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
8 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан Ұлттық банкі 2014 жылдың соңына дейін айырбастау пункттерінде валюта сату мен валюта сатып алу бағамдарына қатысты ауытқушылық шегін белгілеп берді

Қазақстан Ұлттық банкі 2014 жылдың соңына дейін айырбастау пункттерінде валюта сату мен валюта сатып алу бағамдарына қатысты ауытқушылық шегін белгілеп берді

Қолма-қол шетелдік валюталар бойынша операциялар кезінде алып-сатарлыққа жол бермеу мақсатында Қазақстан Ұлттық банкі айырбастау пункттерінде АҚШ доллары мен еуроны сату мен сатып алу бағамдарына қатысты ауытқушылық шегін белгілеп берді.

  • 12 Ақпан 2014
  • 777
Фото - Caravan.kz

"Бұл қаулыға орай,ондай айырмашылық АҚШ доллары үшін 2 теңгеден, еуро үшін 3 теңгеден аспауға тиіс", делінген сәрсенбіде Ұлттық банктен таралған хабарламада.

Айырбастау пункттері арқылы жүргізілетін операциялар бойынша теңгеге шетелдік валюта сатып алу бағамдарының белгіленген ауытқушылық шегі 2014 жылдың 11-ақпанынан бастап күшіне енді және 2014 жылдың 31-желтоқсанына дейін күшінде болады.

Қазақстан Ұлттық банкі 11-ақпаннан бастап теңгенің айырбас бағамын бұрынғы деңгейде сақтаудан бас тартып, валюталық интервенция көлемін азайтып, теңгенің айырбас бағамын қалыптастыру процесіне араласуын қысқартуды шешті.

Қаржы рыногы мен тұтас алғанда экономикадағы жағдайды тұрақсыздандыруға жол бермес үшін Ұлттық банк АҚШ долларына қатысты теңге бағамы ауытқушылығының дәлізін белгіледі, оған орай бір АҚШ долларының жаңа деңгейі 185 теңге, плюс/минус 3 теңге.


12 ақпан күнгі ағымдағы бағам -163,9/$1.