Алматы облысында бағаны қалыпта ұстауға байланысты жиын өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 471.04
  • 538.54
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
8 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысында бағаны қалыпта ұстауға байланысты жиын өтті

Алматы облысында бағаны қалыпта ұстауға байланысты жиын өтті

Кеше кешке Алматы облысының әкімі Аңсар Мұсаханов аудан және қала әкімдерімен аймақта бағаны ырыққа көндіру бойынша селекторлық отырыс өткізді.

  • 12 Ақпан 2014
  • 412
Фото - Caravan.kz

«Сырттан келген тауарлардың қымбаттауы мүмкін, сондықтан әлеуметтік маңызы бар өнімдерге қатысты өзгерістерді өндірушілермен бірігіп мұқият бақылау қажет», — деп атап өтті облыс әкімі.

Осындай жағдайға байланысты өңір басшысы өзінің орынбасары Амандық Баталовқа мобильді топ құруды тапсырды. Оның құрамына барлық аудан мен қалалардың әкімдері, «Нұр Отан» партиясының мүшелері, депутаттар енбек. Топ бағаны тұрақтандыру бойынша шараларды қолданатын болады.

«Осы мәселе бойынша күн сайын маған баяндайсыздар», — деді А.Мұсаханов.

Сонымен қатар, облыс әкімі ірі тауар өндірушілермен жиын ұйымдастыруды тапсырды. 

«Облыстың құс етін, сүт өнімдерін өндірушілер, ұн тартушылар мен наубайшыларыға бастаманы қолдап, азық-түлік бағасының бұрынғы бағасын сақтап қалу керек. Сәйкесінше, облыста бірінші сұрыпты нанның бағасы сол бағамен болуы керек, — деді өңір басшысы.  — Қажет болған жағдайда, облыстың Тұрақтандыру қорының резервін пайдалану туралы шешім қабылданды».

Табиғи монополияларды реттеу агенттігі департаментіне, барлық тұрғын үй-коммуналдық қызметтерге тарифтерді көтермеуге қатысты шараларды қолға алып, әсіресе электр жарығы мен су  бағасын қымбаттатпауды тапсырды.


Сонымен бірге, облыс әкімі өңірдің барлық банк жетекшілеріне Ұлттық банк филиалымен бірлесіп теңгенің долларға шаққандағы белгіленген бағамын ауытқуын болдырмау үшін жұмыс жүргізуді тапсырды.

«Шетелдік валюта бағамының өзгеруі өңірдің баға саясатына әсер етпеуі керек. Біз жалпы позицияны қалыптастырып, оған  берік ұстануымыз керек», — деп атап өтті Аңсар Мұсаханов.