Теңге бағамының өзгеретінін шағын ғана топ білді - Қ.Келімбетов - kaz.caravan.kz
  • $ 471.04
  • 538.54
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
8 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Теңге бағамының өзгеретінін шағын ғана топ білді - Қ.Келімбетов

Теңге бағамының өзгеретінін шағын ғана топ білді - Қ.Келімбетов

Теңге бағамының өзгеретінін шағын ғана топ білді. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Ұлттық банкі төрағасы Қайрат Келімбетов мәлім етті.

  • 12 Ақпан 2014
  • 627
Фото - Caravan.kz

«Кешегі теңге бағамын түзету шарасы мүлтіксіз өткендігіне барлығын сендіргім келеді. Тіпті, Ұлттық банк қызметкерлерінің барлығы бірдей білген жоқ. Сондай-ақ Қазақстанның барша азаматтары сияқты теңге бағамының түзетілуін сезінді. Тек шешім қабылдаған шағын мамандар тобы ғана білді», — деді ол.

Оның атап өтуінше, шешімді құрамына Ұлттық банктің жетекші сарапшылары мен ақша-несие саясаты жөніндегі мамандар кірген коллегиялық институт арқылы қабылданған.

«ҚР Ұлттық банкінің төрағасы ретінде шешім қабылдау үшін мен толығымен саяси жауапкершілікті мойныма жүктеймін», — деді Қ.Келімбетов.