«Мен кеше шектен шыққан, бүгін және ертең де осы ісін қайталайтын айырбас пункттеріне ескерткім келеді. Біз Үкімет пен жергілікті атқарушы органдар арқылы теңге бағамының түзетулері аясында тым «еркелеп» кеткен айырбас пункттерін жабатын боламыз. Біз оларды жабамыз және олар енді бұндай жұмыс істемейтін болады. Бұл өз бетінше жұмыс жасайтын айырбас пункттеріне де, сосын қандай да бір банкпен жұмыс істейтін пункттерге қатысты мәселе», — деді Қ. Келімбетов.
Ұлттық Банк басшысының айтуынша, жазалау аясында банктерге қарасты айырбас пункттері қаржы операцияларын жүзеге асыру лицензиясынан айырылуы да мүмкін.
«Мұндай тым нәзік мәселеде шектен шығуды экономикалық тонаушылық құбылысы деп санаймын. Ондайлардың әрқайсысы өзіне лайықты жазасын алатын болады», — дейді Қ. Келімбетов.