БҚО ІІД әкімшілік полиция басқармасының аға инспекторы Нұртай Лезовтың хабарлағанындай, Украинадан Орал қаласына келе жатқан Микола Некращуктің 05.00 сағат шамасында «Рено» жүк көлігі сынып, отыны қатып қалған, өзі әбден тоңған. Көптеген жүргізушілер тоқтағанымен, көмектесе алмаған. Полицейлер жүргізушіні өздерімен бірге қалаға ала кетіп, жаңа қосалқы бөлшек әкеліп, кешкісін жүк тиелген көлік Оралға жетті.